"Мен-өз елімнің патриотымын!"
Ересек "Шағала" және "Сұнқар" топтары арасында патриоттық рухта ұйымдастырылған спорттық жарыс өтті. Бұл шараның мақсаты- балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлік пен достықты, денсаулыққа деген қамқорлықты қалыптастыру. Балалар жарыс барысында ептілік, жылдамдық және ұйымшылдық қасиеттерін көрсете білді. Әрбір қатысушы өз тобының намысын қорғап, нағыз патриот рухын танытты!