Балабақшамызда "Педагог және Заң" тақырыбында ақпараттық сағат өткізілді. Іс-шара барысында педагогтердің құқықтары мен міндеттері,заң талаптарын сақтау, кәсіби қызметтегі жауапкершілік және құқықтық сауаттылықтың маңыздылығы туралы ақпарат берілді.
"Аналар мектебі" мамандықтарымен таныстыру тақырыбында Family-Workshop ұйымдастырылды. "Адамдарға көмектесетін мамандықтар" тақырыбында сюжетті-желілі ойынды ересек "Сұңқар" тобы көрсетті. Мектепалды "Сандуғаш" тобының балалары түрлі мамандық иелері ата-аналармен кездесті.Семинар соңында қатысушылар ересек "Шағала" тобының ата-аналарымен бірге отбасылық шеберханада қалдық маталармен түрлі бұйымдар жасады.
Мектепалды «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушілері халқымыздың асыл мұрасы – «Бесікке салу» дәстүрін дәріптеуге арналған тағылымды іс-шара өткізді. Шара барысында бүлдіршіндер қазақтың салт-дәстүрлері туралы мағлұмат алып, бесіктің қасиеті мен маңызын таныды.
Мектепалды «Сандуғаш» тобының тәрбиеленушілері «Ана – өмір шуағы» атты жүрекке жылу сыйлар поэзиялық кеш өткізді. Кеш барысында бүлдіршіндер аналарға деген шексіз махаббатын, мейірімі мен алғысын өлең жолдары арқылы жеткізді.
мектепалды "САНДУҒАШ" тобында "ҰШҚЫР ОЙ-ТАПҚЫР БАЛА" тақырыбында интеллектуалдық сайыс ұйымдастырылды. Балалар сайыс барысында тапқырлықтарын, зеректігін және жылдамдықтарын көрсетті.
Балабақшада ұйымдастырылған іс- шараларға белсенді қатынасқан тәрбиеленушілерді балабақша меңгерушісі Б.Т.Исаева құттықтап, мадақтамамен марапаттады. Бүлдіршіндеріміздің жолдары ашық,жетістіктері көп болсын!
Балабақша психологы тарапынан тәрбиешілерге арналған семинар өтілді. Мақсаты: Тәрбиешілердің ата-аналармен қарым-қатынас жасау дағдыларын дамыту, «бәрін білетін» ата-аналармен қақтығыссыз, серіктестікке негізделген байланыс орнатуға үйрету.
Балабақшамызда ересек «Шағала» тобында «Ормандағы Жаңа жыл» атты ерекше әрі әсерлі ертеңгілік өтті. Қысқы орманның ертегідей көрінісі, кейіпкерлерге толы сахналық қойылым балаларды қиял әлеміне жетеледі.