Алматы қаласы Білім басқармасының
«№138 бөбекжай-балабақшасы»
мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны
Меңгеруші телефоны:
+7(727) 268-08-58
Есепші бөлімі:
+7(727) 225-61-55
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за Октябрь 2025 года
"Спорт-өмірлік серігің"
24
октябрь
2025
"Спорт-өмірлік серігің"
Балабақшада "Спорт-өмірлік серігің" тақырыбында тәрбиешілер арасында көңілді, тартысты спорттық жарыс өтті. Шараның мақсаты- салауатты өмір салтын насихаттау, ұжымдық бірлікті нығайту және тәрбиешілердің сергектігін арттыру. Жарысқа қатысқан әрбір тәрбиеші өз белсенділігі мен жігерін көрсетіп, нағыз спорт рухын танытты. 
«Мен Отаныммен мақтанамын!»
23
октябрь
2025
«Мен Отаныммен мақтанамын!»
Мектепалды "Сандуғаш" тобының тәрбиеленушілері  туған жерге, елге деген сүйіспеншілігін паш етіп, әсем әнмен, биімен, өлең-жырмен көрермен жүрегіне жылулық сыйлады. Бала бойындағы патриоттық сезімді ояту — болашағымыздың кепілі. Біздің кішкентай отан сүйгіш бүлдіршіндеріміз өз елін, жерін мақтан тұтатын нағыз азамат болып өссін!
"Мен-өз елімнің патриотымын!"
22
октябрь
2025
"Мен-өз елімнің патриотымын!"
Ересек "Шағала" және "Сұнқар" топтары арасында патриоттық рухта ұйымдастырылған спорттық  жарыс өтті. Бұл шараның мақсаты- балалардың бойында Отанға деген сүйіспеншілікті, бірлік пен достықты, денсаулыққа деген қамқорлықты қалыптастыру. Балалар жарыс барысында ептілік, жылдамдық және ұйымшылдық қасиеттерін көрсете білді. Әрбір қатысушы өз тобының намысын қорғап,  нағыз патриот рухын танытты!
"КҮЗГІ АСАР" көрмесі
14
октябрь
2025
"КҮЗГІ АСАР" көрмесі
Балабақшамызда "КҮЗГІ АСАР" көрмесі өтті. Күздің берекесін, табиғаттың әсемдігін балаларымыз өз қолдарымен бейнелеп, шығармашылық қабілеттерімен бөлісті.