ПЕДАГОГ-ПСИХОЛОГ Мырзаханқызы Балнұр-педагог психолог лауазымында 2025 жылдың қыркүйек айының 01-нен бастап қызмет атқаруда, еңбек өтілі-15 жыл. Жоғары білімді педагог.
Дамытушы орта білім беру, дамытушы, тәрбиелеуші, ынталандырушы ұйымдастырушы, коммуникативтік функцияларды атқаруы тиіс. Бірақ, ең бастысы – ол баланың дербестігін және өнерпаздығын дамытуға жұмыс жасауы тиіс.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта баланың құрдастармен және педагогтармен эмоционалдық-тәжірибелік өзара әрекеттестік тәжірибесін байытуға, белсенді танымдық әрекеттерге топтағы барлық балаларды тартуға мүмкіндік береді. Орта дербестікті, бастамалықты дамытуды ынталандырады, онда балалар өз қабілеттерін жүзеге асырады.
Заттық-дамытушы орта – мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпыға міндетті үлгілік бағдарламасының талаптарына сай баланың рухани және физикалық бейнесінің дамуын функционалдылығын модельдейтін бала іс әрекетінің материалдық объектілері мен құралдарының жүйесі.
Заттық-кеңістіктік дамытушы орта – бұл баланың психикалық әл-ауқатының қауіпсіздігіне, оны дамыту мақсаттарына сәйкес кеңістікті ұйымдастыру және баланың өз бетінше үйрену қабілетін дамытуға оң ықпал ететін жабдықтар мен басқа да жарақтарды пайдалану.
Дамытушы орта балалар мен ересектердің қарым-қатынасы мен бірлескен әрекетін, балалардың қимыл белсенділігін, сондай-ақ олардың оңаша болуына мүмкіндікті қамтамасыз етуі керек. Заттық-кеңістіктік дамытушы ортаға қойылатын жалпы талаптар: қауіпсіз; қолжетімді; әртүрлі; мазмұнды; көп атқарымды; өзгермелі; тартымды.